Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Суцидке бейімділікті қан талдауы арқылы анықтауға болады

04.08.2014 1134 0 пікір

Құран кәрімде «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), – деген. Бұл дүниедегі қиындықтардан өзімізге қол жұмсау арқылы құтыла алмаймыз. Бәлкім, нағыз қиындықтар бұл дүниеден өткеннен кейін, Алланың алдына барғанда, «Сен неге өз-өзіңе қол жұмсадың?», «Неге маған қарсы шықтың?» дегенде басталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «…Ол өзін-өзі өлтірді. Сонда Алла тағала: «Пендем өз бетімен менің алдымнан шықты. Мен оған жәннатты харам еттім», – деді», – деген. Яғни, өз-өзімізге қол жұмсау өте қорқынышты тозақ азабына өз еркімізбен түсумен бірдей болады. Демек, өз-өзімізді өлтіріп ешқандай қиындықтан құтылмаймыз. Осынау түсінік арқылы-ақ, бұған дейінгі буын бойларын осынау қатерлі әдеттен аулақ ұстаған болатын. Ал бүгінгі қоғам адамдардың патша көңілмен өмірлерін қиюына тосқауыл бола алмай келеді. Енді міне, ғалымдар адамның жалпы қан анализінің нәтижелері арқылы оның өзіне-өзі қол жұмсауға қаншалықты бейім екенін анықтауға болатынын алға тартып отыр. Мұндай қорытындыны Американың Балтимор қаласындағы Джонс Гопкинс атындағы медициналық зерттеулер институтының мамандары жасаған. 

«Біз адамның SKA2 гені мидың стресске жауап қатуын анықтайды деген тұжырым жасадық. Өзіне-өзі қол жұмсап қаза тапқандар мен суицид жасауға әрекет еткендердің миларын зерттей отырып, оларда SKA2 генінің белсенділігі төмен екенін әрі мутацияға ұшырағанын анықтадық. Оның мутацияға ұшырау деңгейі неғұрлым жоғары болса, адамның өз өміріне өзінің қол сұғуы да соғұрлым жоғары болады», - дейді зерттеу жетекшісі Захари Камински.

Зерттеуге 325 американдық қатысқан. Оның нәтижесі бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткендер мен бұл туралы ойланғандар 80 пайызға дейін дәл анықталған. Тіпті, жастардың арасында бұл көрсеткіш 100%-ға дейін жеткен. 

ДДСҰ мәліметінше, жыл сайын әлемде 1,5 млн. жуық адам өзіне-өзі қол жұмсап, өмірімен қош айтсады. Ал 20 млн. жуық адам осындай әрекетке талпынады екен. 

Енді осы жаңалық медицинаға кірігетін болса, онда суицидке өте бейім жандарды жақындарының не жүрген ортасының қорғап қалуына мүмкіндік тууы мүмкін. 

 

E-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат