Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Екі мұсылман әйел алғаш рет АҚШ Конгресіне сайланды

www.kazislam.kz 08.11.2018 119 0 пікір

АҚШ-тың Мичиган және Миннесота аймақтарынан сайлауға қатысқан Палестина тумасы Рашида Тлаиб пен Сомали тумасы Илхан Омар есімді екі мұсылман әйел жеңіске жетіп, АҚШ Конгресінің өкілдер палатасына алғашқы мұсылман әйелдер ретінде сайланды. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.

«Мен бұл жеңіске қаншама жылдар бойы жүріп келдім. Мақсатым – Конгресте сенімімді жамылып халықтың көзіне түсу емес, мақсатым – қоғамға қызмет қылу арқылы Исламды таныту», – деді палестиналық Рашида Тлаиб.

Сомали тумасы Илхан Омар өзінің жақтастары алдында мәлімдеме жасап, АҚШ-қа 12 жасында келіп, 4 жыл бойы босқындар лагерінде өмір сүргенін тілге тиек етті.

«Миннесотаның ауа райы өте суық болса да, халқының көңілі өте ыстық. Бұл жердің халқы босқындарды қабылдап қана қоймай, өздерінің өкілдері ретінде Вашингтонға жібереді», – деді ол халқына деген ыстық ықыласын білдіріп.

Екеуі де Конгресске Демократиялық партияның өкілдері ретінде өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат