Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Республикалық «Қайырымдылық керуені» конкурсы басталды

baq.kz 02.11.2018 321 0 пікір

Астана қаласының орталық коммуникациялар қызметінде республикалық «Қайырымдылық керуені» конкурсының басталғанын хабарлайтын брифинг өткізілді.

Конкурсты «Хабар» және «КТК» телеарналарының қолдауымен ҚР Тұңғыш Предиденті Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы ұйымдастыруда.

Конкурстың мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту.

Брифинг кезінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов:

«Бұл акция-конкурсты ұйымдастыра отырып, бір жағынан біз алдымызға мұқтаж жандарға көмектесетін, қайырымдылық іс жасайтын адамдарды танымал ету міндетін қоямыз. Екінші жағынан жас ұрпақты қайырымдылық пен ізгіліктің жарқын үлгісі арқылы жоғары адамгершілік нормалар мен ұстанымдарға тәрбиелеуге ықпал етеміз», - деп атап көрсетті.

Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге үлес қосып, өзінің қайырымдылықтары арқылы басқаларды ынталандырып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының Президенті Раушан Сәрсембаева еліміздің барлық өңірлерінде 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін конкурсқа қатысушыларды анықтау жұмыстары жүргізілетінін түсіндірді. Жеңімпаздар ақпан айының соңында – Алғыс айту күнінің қарсаңында белгілі болады.

Лауреаттар келесі номинациялар бойынша анықталады:

«Асар» (номинация қайырымдылық істері ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты тұлғаларды марапаттауға бағытталған);

«Туған жер» (туған жеріне білім, экология мен абаттандыру салаларында көмек көрсетіп жүрген жандарға арналған);

«Батыл жүрек» (номинация аясында ерлік көрсеткен, қайсарлық танытқан тұлға марапатталады);

«Мейірім жолында» (номинация өз еркімен және өтеусіз көмек көрсететін, қайырымдылық жасайтын жанға табыс етіледі);

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат