Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Нұр Ғасырға» Мүфти кеңесшісі келді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі www.nurgasyr.kz 16.10.2018 336 0 пікір

Бүгін ақтөбелік жамағат Мүфтидің Бас кеңесшісімен жүздесу мүмкіндігіне ие болды. Мүфтидің Бас кеңесшісі Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде қонақта болды. Жамағатпен бірге бесін намазын оқып, ислам дінін үйрену, осы жолда берілген мүмкіндіктерді молынан пайдалану, шүкір ету білу туралы уағыз-насихат айтты.

Шейх Алсабеков Мухаммад Хусайн 1970-1980 аралығында сол кездердегі Орта Азиядағы көрнекті ислам ғалымдарынан дәріс алған. Сонымен қатар, діни білімін жетілдіру мақсатында Сирия және Пәкістан мемлекеттерінде халықаралық ислам университеттерінен шариғат және араб тілі факультетін бітірген. Бірнеше жыл имамдық қызмет еткен. 1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғалы бері М.Х. Алсабеков Қазақ Ислам университетінің тұңғыш ректоры, ҚМДБ төралқасының мүшесі. Еліміздің мұсылмандары атынан Ресей, Кауказ, Орта Азия, Сирия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кипр, Ливан, Түркия, Иран, Пәкістан және т.б мемлекеттерде дипломатиялық миссияларда болып қайтты.

Шейх М.Х. Алсабеков ҚМДБ-н алғаш құрған қайраткерлердің бірі. Ол көптеген орта және жоғары діни білім оқу орындарына арналған діни оқу-әдістемелік құралдарының және көптеген діни кітаптардың авторы.

Өкіл имам Төлеби Оспан Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлын мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат