Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Орталық мешітке наиб имам тағайындалды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 09.10.2018 552 0 пікір

Осыған дейін Батыс Қазақстан облысына қарасты «Шыңғырлау» аудандық мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Ерденбек Ихсанов облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды. Наиб имамды жұма уағызының алдында орталық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов жамағатқа таныстырды.

Ерденбек Ихсанов Жанұзақұлы – 1990 жылы 8-маусымда БҚО, Бөкей–Орда ауданы, Сайхын ауылында дүниеге келген. Отбасылы, 4 баласы бар.

БІЛІМІ:

- 1997-2008 жылдары аралығында БҚО, Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылының орта мектебін бітірген.

-  2008-2011 жылдары ҚМДБ-сына қарасты  Орал медреседе діни тәлім алған.

- 2011-2014 жылдары Орал қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясындағы  «Тарих» мамандығын тәмамдаған.

- 2013 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде діни білімін жетілдірген.

- 2017 жылы Астана қаласындағы «Имамдарды қайта даярлау және білімдерін арттыру»  зияткер имам курсында діни білімін жетілдірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

- 2011-2015 жылдары Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы

-  2015-2018 жылдары Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы қызметін абыройлы атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат