Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Бөрлі ауданындағы спорттық шара

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз хатшысы 09.10.2018 348 0 пікір

Кеше Бөрлі аудандық мешітінің бастамасымен және «Парасат» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» атты мешіт жамағаты арасында ауданаралық ашық спортакиада өтті.

Шараның мақсаты Дәстүрлі емес діни ұйымдар мен жат діни ағымдардан сақтау, тұрғындардың діни сенімдері мен ұлттық санасын қалыптастыру.

Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жанабайұлы сөз бастап, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы мен облыстық дін істері басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұғманұлы  сәттілік тіледі.

Сайысқа қатысушы Орал қаласы, Тасқала ауданы, Сырым ауданы, Теректі ауданы және Бөрлі ауданы жамағаты қазақ күресінен, арқан тарту, қол күресі  және гір тас көтеруден  сынға түсті.

Нәтижесінде келген командалардың барлығы жарыс барлық түріне белсене қатысып жүлделерге ие болды.

Жарыс ауқымды, тартысты өтті. Шара соңында Бөрлі ауданы командасы І-орын, Сырым ауданы командасы ІІ-орын,  Теректі ауданы  ІІІ-орын иеленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат