Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстау: Өкіл имамның кезекті уағызы  (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 25.09.2018 226 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков 23 қыркүйек күні Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі Сүйінғара Үргенішбайұлы мешітіне арнайы барып, шам намазынан кейін жамағатқа «Ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қайтыс болуы» тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңғы қажылығы мен қоштасу құтпасының мән-маңызы жайлы сөз қозғап, бұл оқиғаның тәлім-тәрбиесіне тоқталды. Ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  қалай жуылғаны, сахабалардың топ-тобымен келіп, жаназа намазын оқығанын жан-жақты түсіндіріп өтті. 

Өкіл имам құптан намазына имамдыққа шығып, еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға етті. Дәстүрге сәйкес жамағатқа дастархан жайылып, өкіл имам дастархан басында жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат