Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Талдықорған: "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында жастармен кездесу өтті

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 14.09.2018 287 0 пікір

ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторы Алматы облысы Дін істері басқармасымен бірлесе отырып, Талдықорған қаласының гуманитарлық «Білім» колледжінде «Отбасы-бақыт мекені» атты тақырыпта кездесу өткізді. Шарада Талдықорған қаласы, орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек, ІІМ кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын аға инспектор Асел Аманқызы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Қазкенов Даулет, қамқоршылар кеңесінің төрағасы Омар Бақытжан және Талдықорған қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілдері қонақта болып, білім алушы жастарға үгіт-насихат айтты.

Жастардың білім алу, мамандық таңдау, рухани ұстанымдарын қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын табу секілді әлеуметтік кезеңдерден өтуі – өмір заңдылығы. Отбасы, тәрбие төңірегінде әңгіме өрбіткен қонақтар әсерлі жиыннан кейін жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат