Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданына жаңа имам тағайындалды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 13.09.2018 388 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы «Байғұт баба» орталық мешітіне жат ағыммен жұмыс жасауда тәжірибелі маман Желеуов Дастан Сүлейұлы бас имам болып тағайындалды.

Бас мүфтидің бұйырығын таныстыру үшін  Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді жамағатқа уағыз айтып, таныстырып, бұрынғы имам Қанатбек Кенжебековтің иығына шапан жауып, жұмысына береке тіледі.

Желеуов Дастан Сүлейұлы туралы

Діни білімі:

Желеуов Дастан - 1998-2001 ж. Египет Араб Республикасы Каир қаласы, Әл-Әзһар институты, дінтану факультеті тамамдап, 2001-2006 ж. Египет Араб Республикасы Каир қаласы, «Айн-Шамс» университеті «филология» факультетін бітіген.

Еңбек жолы:

2009-2013 ж. Шымкент қаласы «Қождан ата» мешітінде ұстаз

2013-2014 ж. ОҚО бойынша  өкіл имам орынбасары

2014-2017 ж. ОҚО Шымкент қаласы «Қождан ата» мешітінің бас имамы және Абай ауданының бас имамы қызметтерін атқарған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат