Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ЛИВАННЫҢ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 07.09.2018 649 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Ливанның еліміздегі елшісі Жискар әл-Хури мырзаны қабылдады.

Кездесуде Бас мүфти елшіні жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Мүфти мен мәртебелі мейман мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту, дінаралық достық, ұлтаралық келісім, қазіргі әлемдегі діни ахуал туралы пікір алысты.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы алдағы айда Астанада өтетін Әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті съезінің дінаралық татулықты нығайтуға қосып жатқан үлесі жайлы әңгімеледі. 

Елші Жискар әл-Хури аталған халықаралық іс-шараның рөлі мен маңызын айрықша атап өтті.

Кездесу соңында тараптар діни салада әріптестік қарым-қатынасты нығайту бойынша уағдаластық жасады.

Басқосу соңында Бас мүфти қонаққа «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты авторлық кітабын сыйға тартты.

Дипломат уақыт бөліп, арнайы қабылдап, сұхбатасқаны үшін ҚМДБ төрағасына алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат