Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ОТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 08.08.2018 478 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Қажылық миссиясы қажылық сапарының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жан-жақты пысықтауда. Миссия жанынан құрылған дәрігерлер, уағызшылар, ақпарат тобы өзіне жүктелген тиісті міндеттемелерді атқаруға толық дайын.

Қазақстан қажылары менингитке қарсы екпе (вакцинация) салдырды. Отандастарымыздың денсаулығын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ұсынылған дәрігерлер тобы жіті қадағалайды. Дәрігерлер ҚМДБ Қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Медициналық орталықта қажыларға қызмет көрсететін жедел жәрдем көлігі де болады. Қажылар отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат