Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Павлодарда белгілі дінтанушылар, теологтармен кездесу өтті (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 08.08.2018 318 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі және  облыстық дін істері басқармасының  бірлесіп ұйымдастыруымен діни радикализмге қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істеп жүрген мамандарды радикалдық діни ұйымдардың адептілерімен жұмыстың жаңа әдістеріне үйрету, ҚР Президентінің Жолдауы аясында мемлекеттік конфессионалдық саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіптік білімі мен дағдыларын арттыру  мақсатында  «Діни экстремизмге  қарсы іс-қимылдың озық тәжірибелері» тақырыбына оқу семинар өткізілді.

Павлодар облыстық «Достық үйі» мәдени-сауық орталығында өткен бұл іс-шараға  қала және  аудан  имамдары, облыс ақпараттық топтың мүшелері, дін істері басқармасының және конфесияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары қатысты.

Оқуды өткізу үшін Қазақстанның белгілі дінтанушы-теологтары  - теолог-сарапшы, «Аңсар» консультативтік-оңалту орталығының директоры  Асқар Сабдин және «Әл-Машани» мешітінің бас имамы, РАТТ мүшесі, теолог Қабылбел Жұмабеков шақырылды.  

Асқар Сабдин «Қазақстандағы ислам мектебі. Дәстүрлі емес ағымдарда экстремизмнің пайда болу себептері. Адепттермен жұмыстың әдістері» тақырыбындағы лекциясында  деструктивті ағымдардың құрбандарын оңалту бойынша жұмыстардың теологиялық негіздерін түсіндірді.  

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілі, теолог Қабылбек Жұмабеков Ахлю сунна уаль джамаа акидасының негіздері және акиданың дәстүрлі емес ағымдардан айырмашылықтары  туралы әңгімеледі. Қазақтар ғасырлар бойы  Матуриди және Ашари мектептерінің  акидасын ұстанып келеді. Теолог салафизмнің пайда болуы тарихы туралы егжей-тегжейлі айтты.  

ҚМДБ-ның өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы бұл семинар туралы өз сөзінде «Бүгінгі оқыту –семинар аса нәтижелі өтті. Елімізге танымал дінтанушылар семинарға қатысушылармен  тығыз әңгімелесу, тақырыпты  талқылау, пікірталастар өрбіту , сұрақтарға жауап беру арқылы  біздің имамдардың  бүгінгі заман сұранысына сай  білімін жетілдіруге көп үлес қосты»,-деді.

Іс-шараның модераторы, Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Раздықова Гүлназ Мақсұтқызының айтуынша  осы іс-шара діни экстремизм идеяларының таралуына қарсы іс-қимыл  саласында  өңір имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. «Семинар өте табысты өтті. Білікті маман-теологтар  Асқар Сәбдин, Қабылбек Әліпбайұлы біздің имамдарға  тәжірибеде сыннан өткен жұмыстың әдістері туралы баяндады. Өйткені,  білім мен тәжірибе – радикалдармен жұмыстағы басымдықтар ғой», - деді Гүлназ Мақсұтқызы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат