Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«ТАУГҮЛ-3» МЕШІТІ МЕН ЖАМАҒАТЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

 Таугүл мешітінің баспасөз қызметі 11.07.2018 504 0 пікір

«Таугүл -3» мешіті мен жамағаты және «Харекет» қайырымдылық қоры Алматы облысы, Ұзынағаш ауылынан 4 қыздың ата-анасы Раман Талғатұлы мен Меруерт Қойбағарқызына үй алып берді.

Қаржылай көмегімен қоса балалар төсегі мен тоңазытқышты қоса сыйлаған «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Камалжан Бекбосынұлы игі шараға арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.

«Өркениетті елдерде қоғам көрсеткіші қайырымдылық шараларының көптігімен өлшенеді. Қайырымдылық жасап, қол ұшын созу қазақ халқының қанында да бар қасиет. Халқымыз оны - асар, жылу жинау деп атаған. Бұл біздің дәстүріміз. Ал, Қасиетті Құранның Бақара сүресінің, 245-аятында: «Аллаға көркем қарыз беретін кім бар? Ол (Алла) оған еселеп арттырып береді...» делінген. Міне осындай асыл құндылықтарымызға амал етуіміз керек. Ислам деген - осы. Айналаңдағы адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсету үлкен сауапты іс»-, деді Камалжан Бекбосынұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат