Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Облыс имамы Жәнібек ауданында

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 09.07.2018 171 0 пікір

Облыс орталығынан шалғай жатқан Жәнібек аудандық мешітіне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов арнайы атбасын тіреді. Аудан мешітінің жұмыс тәртібін, тазалығын, атқарған жұмыстарын пысықтау мақсатында.

Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имамдарын жеке таныстырып, мешіттің сыртқы жұмыстарын айтып, өткен жылы ашылған «Діни сауат ашу» орталық ғимараттың ішкі жұмыс жоспарын айтып, алдағы уақытта атқарылатын діни –шараларымен ой бөлісті.

Орал орталық мешітінің бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы  алғашқы ат басын тіреген Алла үйінде  мешіт жамағатымен кездесу өткізіп, «Татулық, бірлік» жайында уағыз айтып, жиналғанды ауызбіршілікке шақырды.  Дінбасымыз Серікбай қажы Сатыбалұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді.

Кездесуден кейін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев облыстан келген орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлын қабылдап, аудан көлеміндегі   діни ахуал жайында сөз болып, ортақ шешімдерге тоқталды.

Облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Қадырұлының имандылық жұмысына оң бағасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат