Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 28.06.2018 712 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабермен кездесті.

Ресми кездесуде Бас мүфти мен Елші екі елдің рухани-мәдени саладағы әріптестік қарым-қатынасы, Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезі, жаһандық діни ахуал, мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту, т.б. мәселелер жөнінде пікір алысты. Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабер еліміздің рухани-мәдени саладағы бастамалары жайлы оң пікірін білдірді.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өз кезегінде мүфтияттың ұйымдастыруымен өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының бірінші форумы жайлы баяндап, аталған халықаралық басқосудың мән-маңызына тоқталды.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Елшіге «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат