Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қазақстандық имамдардың Америкаға сапары 

Ислам институты баспасөз орталығы 14.06.2018 102 0 пікір

ҚР Дін министрлігінің септігімен және ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының тікелей мұрындық болуымен еліміздің имамдары 2018 жылдың 23-сәуірі мен 11-мамыры аралығында тәжірибе алмасу, ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, АҚШ мұсылмандарының тұрмысымен танысу мақсатында Америка Құрама Штаттарына іс-сапармен барды. Қазақстандық делегат Нью-Йорк, Вашингтон,  Колумбия, Мэрилэнд, Дэлавэр, Вирджиния штаттарында өткен түрлі іс-шараларға қатысты. 

Қазақстандық  делегация қатарында  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы басшысы Иманбаев Мейрам Откилбаевич,  ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Өтпенов Наурызбай Тағанұлы, ҚМДБ аппарат басшысы Мажиев Ғалымбек Жәдігерович, ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты директоры Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы бас имамы Ажмахан Есенкелді Сақтағанұлы, ОҚО наиб өкіл имамы Керімбеков Ахметжан Пірәліұлы, Ақтөбе қаласның бас имамы Садиев Амантай, Қарағанды қаласының бас имамы Жұмабеков Қабылбек Алипбаевич, Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы бас имамы Маманбаев Қайрат Қошкелдиевич  болды.

Өркениеттер арасындағы ынтымақтастықпен алмасу қорының (CECF) басшысы Мохамад Башар Арафат Қазақстандық әріптестерінің іс-сапарын барынша мазмұнды етуді көздеп, демалыс күндері де қазақстандықтарды АҚШ және АҚШ мұсылмандары мәдениетімен және түрлі сала өкілдерімен таныстырды. Қазақстандық имамдар АҚШ мемлекеттік департаментінің, БҰҰ-ның, білім ордаларының, полиция және бірқатар ислам, християн дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Қазақстандық имамдар естелік ретінде өкілетті американдықтардың  иықтарына ұлттық шапан жауып,  қазақтың қонақ жайлылығын көрсетті. Сыйға берілген шапанның бәрі өлшеп алғандай, тура болғаны екі жақты да қуантып әрі таң қалдырған жағдай да болды.

Қазақстандық  делегация өркениеттер арасындағы ынтымақтастықпен алмасу қорының (CECF) бағдарламасын  толық қамтып, серитификат алып, елге сағынышпен оралды.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат