Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мың айға тең келер түн!

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі   13.06.2018 307 0 пікір

Міне, үстіміздегі жылдың да Рамазан айы тамамдалып қалды. Қостанай облысы бойынша және облыс орталығындағы мешіттерде жоғары деңгейде өтуде. Мешіттерде жомарт демеушілердің қолдауымен күнделікті ауызашар өткізілуде. Осы түнде мешітке келген 6 мыңнан астам адамға ауызашар мен сәресі дастарханы жайылды.

Мысалы, облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті ауласында күніне 640 адамға ауызашар дастарханы жайылып, халықтың ықыласына бөленуде. Сонымен бірге жылдағы үрдіс бойынша тек Рамазан айында оқылатын «Тарауих» намазында қасиетті Құран толық оқылып, «Қадыр түнінде» хатымы жасалды.  

Мінекей маусым айының 11 нен 12-сіне қараған түні облыстық мешітке жиналған халықта есеп болмады. Бұл түні облыс әкімі Архимед Бегежанұлы арнайы қатысып, мұсылман бауырларымызға өзінің шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді. Қадыр түні жерлестеріміз тек ғана қуаныш пен молшылыққа кенелсін деген ең ізгі тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат