Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАДЫ

13.06.2018 731 0 пікір

12 маусым Әбу Ханифа медресе колледжінен түлеп шыққан шәкірттерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат басшысы Әкімбеков Рақымжан, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС директорының орынбасары Елжанов Ануар Ізімбайұлы, Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед  Маханбет  Пірманұлы, Әбу Ханифа медресе колледжінің  ұстаздары және шәкірттердің ата-аналары қатысты.

«Бітіруші шәкірттеріміздің жалпы саны 45, оның ішінде 5 үздік, 11 шәкірт имамдық қызметке, 4 шәкірт қарилық орталығына, 25 шәкірт «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде әрі қарай білімін шыңдауға тапсырады. Түлектер елімізге, дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Алдағы  уақытта шәкірттерімізге сәттілік, жұмыстарына табыс тілейміз»,-деді ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы.

Салтанатты шараның соңында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің менгерушісі Сансызбай Құрбанұлы дұға жасап, түлектерге алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат