Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Фото: Алматы Орталық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Алматы қаласы Орталық мешітінің Баспасөз қызметі azan.kz 12.06.2018 503 0 пікір

Алматы қаласы Орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу бүгін мың айдан да хайырлы болған Қадір түнінде аяқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы хатым дұғасын жасады.

Ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде Құран Кәрімнің хатым дұғасына Рахманның адал құлдары періштелердің қатысатындығы туралы айтылған болатын. Алла Тағаладан әрбір жамағаттың отбасының амандығын, еліміздің тыныштығын, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуін сұрап дұға жасалды.

Қасиетті түнде мешітке қарай ағылған жамағаттың легі түн ортасына дейін толастамай, келуде. Баршасы көңіліндегі мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін Алладан сұрап дұға етуде.
 
Бүгінгі қадірлі кеште Алматы жамағатымен арнайы жүздесуге келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы жиналған жамағатқа «Туралық пен шынайылық» туралы насихат айтып, ақиқат жолындағы мүміннің дәрежесінің биік екендігін тілге тиек етті.
 
Алла Тағала бүгінгі күні жасаған барша дұға-тілектерді, мінәжаттарды қабыл етсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат