Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

8 МҮГЕДЕК АРБАСЫ СЫЙҒА ТАРТУ ЕТІЛДІ

"Нұр-ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі 02.06.2018 348 0 пікір

Олар – ерекше күтімді қажет ететін бір үйдің балалары. Олар бүгінгі Балаларды қорғау күнін өзге балғындар секілді алаңда өткізбесе де, төл мерекеміз деп тосады бәрібір. «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушілері. Дәл осы балғындарды «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымы мен жамағаты бүгінгі мерекелерімен құттықтап қайтты. Өкіл имам бастаған ұжым қызметкерлері орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеленуші балғындардың хал-жағдайын білді. Орталық директоры Нұрилла Жарболованың айтуынша, мұнда қазіргі таңда 80 бала тәрбиеленуде. Штатта да сонша қызметкер бар. Бірі сал ауруына шалдыққан, арбаға танулы, әр түрлі диагнозбен қабылданған 80 бала тәулік бойына дәрігерлер мен күтушілерінің қарауында. Мешіттің «Сен де үлес қос!» акциясының аясында орталыққа 8 мүгедек арбасы табыс етілді. Сондай-ақ, бағалы түрлі түсті теледидар сыйға берілді. Және 14 отбасыға азық-түлік пакеттері үлестірілді. Игі іске мешіт жамағаты, жанашыр азамат Рүстем Амангелді демеушілік етіп, Рамазанда қайырымды іс жасады. Өкіл имам Төлеби Оспан және мешіт ақсақалы Қуандық Қабден балғындардың дертіне Алла шипа дарытсын деп дұға етті. Орталық ұжымына ерекше алғыс білдіріп, қызметтеріне абырой, есепсіз еңбектеріне жеміс тіледі. Өз кезегінде орталық директоры Нұрила Жарболова өкіл имам Төлеби Оспан және кәсіпкер Рүстем Амангелдіұлына Алғыс хат табыс етіп, жәрдемдері мен жанашырлықтары үшін ризашылығын жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат