Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ САРАТОВ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 31.05.2018 895 0 пікір



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған сапары аясында Саратов облысының губернаторы Валерий Радаевпен кездесті.

Ресми кездесуге Саратов облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мұқаддас қажы Бибарсов, облыстық ішкі саясат және қоғаммен байланыс министрі Елена Юрьевна, ҚМДБ Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров қатысты.

Басқосуда губернатор Валерий Васильевич Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың Саратов облысына іс-сапармен келуі үлкен мәртебе екенін атап өтті. Облыс басшысы меймандардың қадамына сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы құрмет көрсетіп, ресми қабылдау жасаған Валерий Васильевичке алғысын білдірді.

Екіжақты кездесуде Саратов облысындағы қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігі, рухани өмірі сөз болды. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастың күн санап нығайып келе жатқаны әңгімеленді. Губернатор мұсылман қауымның діни құлшылықтары мен ғибадаттарын еркін өтеуі үшін жергілікті билік тарапынан барынша қолдау көрсетіліп келе жатқанын мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар дәстүрлі дін өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсу туралы уағдаласты.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат