Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ӨСКЕМЕН: РАМАЗАН АЛДЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінң баспасөз қызметі 16.05.2018 509 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Өскеменде қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Басқосуға аймақтық БАҚ өкілдері жиналды.

Басқосуда Ермек қажы Қасболатұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айымен құттықтауын жеткізіп, өңір халқын қасиетті айдың келуімен құттықтады. Барлық жамағатқа тұтқан оразаларының сауапты болуын тілеп, «Күллі мұсылман баласы асыға күткен Рамазан айы келіп жетті. Бұл айда сауапты істер молырақ жасалса Алла Тағаланың шексіз мейірім, рахымына бөленеміз. Рамазан айында өкілдіктен бірқатар игі шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз» дей келе, пітір садақаның мөлшері, айт намазымен кәдір түнінің уақытын және тегін «имам такси» қызметі, күн сайын өтетін ауызашарлар, алда жоспарланып отырған рухани іс-шаралар туралы мағлұмат берді.

Ол сонымен қатар оразаның шарттары туралы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат