Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: Өкіл имам баспасөз-конференция өткізді (ФОТО)

Облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі 16.05.2018 553 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-конференциясын өткізді.

Қасиетті Рамазан тақырыбына арналған мәжілісте облыстың Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ең алдымен оразаға ниет ету, ораза ұстаудың мәні және ұлық ай кезінде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берді.

"Ораза - тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекітумен бірге,  нәпсіден, жаман әрекеттерден тыйылып, жүректегі иманды нығайту.  Мұсылмандарға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. “Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” деген аяттарда парыз оразаның мәні, негізгі сипаттары, уақыты, қазасын өтеу жайлы айтылады. Сонымен бірге, ораза адамның рухани-интеллектуалдық өсуіне, тақуалыққа жетіп, Жаратушыға жақындай түсуіне ықпал ететін ғибадат екендігі жайлы көптеген хадистер бар", - дей келе, өкіл имам Батыржан қажы Мансұров қасиетті ай кезінде қала, аудан және ауыл мешіттерінде атқарылатын шаралар туралы да айтып өтті.

Баспасөз отырысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін мен дәстүрді сабақтастыру үшін Рамазан айында жарапазан айтылмақ. Сондай-ақ, қала-аудан мешіттерінде оразаның әр кешінде хатым Құран түсірілетін болады. Қасиетті айда қамқорлықты қажет ететін қоғамның әлеуметтік әлсіз  топтары да назардан тыс қалмайды. Яғни, қайырымдылық шараларын ораза кезінде көптеп ұйымдастыру көзделіп отыр.

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат