Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 15.05.2018 235 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінінің қатысуымен өткен жиында, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сөзімен бастаған Өкіл имам Рамазан айының қадір қасиеті мен ораза ұстаушы адамның дәрежесіне ерекше тоқталып, медицина тұрғысынан адам денсаулығына тигізер пайдаларын баяндады. Қасиетті айда ұйымдастырылатын, дәлірек айтқанда, «Құран жаттау орталығын ашу», «республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, жамағатпен кездесу ұйымдастыру», «жаңа үлгідегі сайт парақшасы мен мобильді қосымшасын іске қосу», «қайырымдылық акцияларын өткізу» және т.б. шаралардан хабардар етіп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндіріп, тілшілердің сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамаларын тілге тиек етіп, «Ислам және отбасы» жылы аясында атқарылатын жаңа жоспарларымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат