Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Тараз: Өкіл имам Рамазанға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі 15.05.2018 217 0 пікір

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі барша мұсылман қауымы қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай, баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз жиынына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр және орталық мешіттің наиб имамы Жапек Ғалымбек және облыстық «Ақжол», «Ар-Ай», «Жамбыл Тараз» басылымдарының тілшілері мен «Jambyl» телеарнасының журналистері қатысты.

Жиында Данияр қажы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтау сөзін жеткізуден бастап, бүкіл облыс жұртшылығын қасиетті айдың басталуымен құттықтап, тұтқан оразалары мен құлшылық-ғибадаттарының қабыл болуын тіледі. 
Сонымен қатар, оразаның шарттары, мешітте қайырымдылық шаралары мен рухани іс-шаралар өткізу,  мешіттерде ауызашар рәсімдерінің өткізілуі, пітір-садақасы мен айт намазының оқу уақыттары және тарауих намазынан соң халыққа тегін автобустар қызмет ететіндігі туралы т.б. мәселелер айтылды.

Жиын барысында бас имам БАҚ өкілдерінің өзге де сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат