Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АСТАНАДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТКЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 11.05.2018 4048 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Яхия қажы Исмайылов Астанадағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Ол осыған дейін Елордадағы Кунта қажы атындағы мешіттің бас имамы қызметін атқарды.

 

Өмірбаяны:

Исмайылов Яхия Абдоллаұлы 1962 жылы туған.

Өзбекстанның Бұқара қаласында діни білім алған. Ташкенттегі Ислам университетін тәмамдаған.

1987 жылы Қарағанды қаласында имамдық қызмет атқарды.

1988 жылы бұрынғы Жезқазған облысында бас имам қызметіне тағайындалды. Аталған облыста 15 жылдан астам қызмет етті.

2003 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметін атқарған.

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.

«Шапағат» медалінің иегері.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

Бұрынғы Жезқазған облысының құрметті азаматы.   

ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат