Мешіттің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы мұражайдың тұсаукесер лентасын қиып, жиналған жамағатпен бірге мұражайдың ішін тамашалады. Мұражайдың ашылуына бас имам, мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысты.

Мұражайда облыстық орталық мешіт пен медресенің ашылған жылдан бастап жеткен жетістіктері мен тарихынан көрініс беретін тың дүниелер қойылған. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдардарламасы аясында іске асты.

Мұражайдың ашылуы мешіт қызметкерлері мен жамағаты және медресе шәкірттері үшін жағымды жаңалық болды.

Мұражай - жәдігерлер мекені. Тарихи құндылық пен рухани қазынаның ортасы. Мешітіміздің кешегісі мен бүгінін сабақтастырады.