Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 16.04.2018 103 0 пікір

Қарағанды қалалық әкімшілік залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға аймағымыздың барлық дін өкілдері қатысып, жемқорлықтың ауыр күнә екені дінде де айтылғанын жеткізді. Дөңгелек үстелге наиб имам Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысты.

«Жұма сайын Қарағанды облысының мешіттеріне бірнеше мыңдаған адамдар жиналады. Осыған орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының  әр жұма күніне бекітіп қойған, бір жылдық уағыз тақырыбы бар. Осы тақырыптардың арасында үлкен бір өзекті тақырыптың бірі- жемқорлық. Яғни, сыбайлас жемқорлық жайлы мешітімізде жамағатқа жиі уағыз-насихат айтылып отырады. Мысалы: жемқорлықтың үлкен күнә екендігі, қоғамға тигізіп жатқан кері әсері, адам өміріне алып келетін қауіптілігі жөнінде терең қозғаймыз»,- деді облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы.

Алдағы уақытта  жемқорлықпен күрес басқармасы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітімен бірігіп аталмыш мәселе бойынша көптеген істер атқару жөнінде жоспар құрды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат