Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ОҚО: Өкіл имам Мақтаралы ауданында

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі 16.04.2018 362 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешіті жанындағы және Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті жанындағы ақылдастар алқасының аудандық кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Аталмыш жиынды аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мырза ашып, жүргізді. Мәжілісте ҚМДБ ОҚО бас мешіті жанынан құрылған ақылдастар алқасы мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісінде қабылданған «Ұлттық салт-дәстүр мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» атты үндеуді талқылау және халыққа жеткізу мәселелері қаралды.         

Аталған жиынға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, облыстық және аудандық орталық мешіттері жанындағы ақылдастар алқа мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев, ауыл округ әкімдері мен қала, ауылдың имам-молдалары, зиялы қауым өкілдері, әжелер алқасы, үкіметтік емес ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары және өзге де тұрғындар қатысты. Алғаш болып Мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық ақылдастар алқасының мүшесі Шалатай Мырзахметов қазақ халқының салт- дәстүрлерінің алар орны ерекшелігін атап өтіп, дәстүр діннің ажырамас бөлігі екенін дүйім жұртқа айтып өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ОҚО тұрғындарына арналған Үндеуді түсіндіріп, баяндама жасады.
Сөз барысында қаралы үйде ысырапшылық пен астамшылыққа жол бермеу мәселелері, жаназа мен жерлеу рәсімдері кеңінен сөз болды.
Жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев ақсақал атқарылып жатқан игі бастамаға өз алғысын білдіріп, мұндай жиындарды әрдайым ауқымды етіп өткізудің қажеттілігін тілге тиек етті.

Жиын соңында шешім қабылдаған аудан имамы Сыздықов Бекзат Оқапұлы:

«Бүгінгі жиынды пайдалана отырып, Үндеуде ұсынылған ұтымды тәсілдерді қолдана отырып, бірінші кезекте қала, өңір, ауыл имам-молдаларын, сонымен бірге  мешіттер жанындағы ақсақалдар алқа мүшелерін, өзге де ауданда айтарлықтай салмағы бар зиялы қауым өкілдерін, белсенді азаматтарды бірлесіп жұмыс жасауға, осынау теріс іс-әрекеттерге нақты тосқауыл қоюға шақырамын!» - деп, барша қауымды ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылыққа шақырып, келелі кездесуде пікір алмасуға келіп отырған барша азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат