Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Оңтүстіктің бас мешітін зиярат етті (ФОТО)

ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 14.04.2018 700 0 пікір

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Оңтүстік Қазақстан облысының бас мешітіне арнайы ат басын бұрып, зиярат етті.

Мәретебелі мейманды ОҚО өкілі әрі облыстық мешіттің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қарсы алып, Оңтүстіктің құлшылық ордасымен таныстырды. Министр мырза Құран оқытып, барша Қазақ елінің амандығын тілеп бата жасады.

Құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысқан Министр ОҚО орталық мешітінің ұжымына сәттілік тіледі. ОҚО өкілі Бақтыбай қажы Бейсенбаевпен бірқатар мәселелер бойынша сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында діни кадр дайындау мәселелері, білім беру жүйесін дамыту тетіктері, тағы да басқа түйткілді тақырыптар қозғалды.

IMG 336

IMG 337

IMG 338

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат