Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ АСТАНАДА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz     09.04.2018 1062 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада мүфтият ғимаратында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті.

Ресми кездесуде қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, сауапты һәм салауатты шараларды насихаттау, жастарды деструктивті ағым идеологиясынан сақтандыру, тарихи тұлғалар туралы игі жобаларды бірлесе жүзеге асыру, қайырымдылық бағыттағы жұмыстарды көбірек ұйымдастыру, т.б. мәселелер сөз болды.

Архимед Бегежанұлы 2011-2013 жылдары ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Серікбай қажы Сатыбалдыұлының аталған өңірде жүзеге асырған ізгі жобалары мен игі бастамалары туралы оң пікірін білдірді.  

А.Мұхамбетов Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, Қостанай облысына ресми сапармен келуді ұсынды.

Кездесу соңында Қостанай қаласында Ислам бағытында мұражай-көрме ашу туралы уағдаластық жасалды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат