Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Құранды мәнерлеп оқудан облыстық жарыс өтті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 13.03.2018 780 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылдық «Ескендір Мағзым» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық жарыс болып өтті.

Қызылорда облысы бойынша өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы: «Құран – Алланың кәләмі, адамзатқа берілген, ешбір қатесіз өмір сүру құралы. Құранның бір ғана әрпіне он есе сауап жазылып, оқыған пендеге қияметте шапағатшы болады»,- дей келе  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстағы түрлі мешіттерден жиналған қатысушылар әртүрлі деңгейде Құранды мәнерлеп оқып, сынға түскен сайыста жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. Барлық талаптар мен ережелердің сақталуын ескере отырып, арнайы құрылған әділқазылар алқасының шешімімен:

І орын иегері: Берік Асқарұлы (Жаңақорған ауданы)

ІІ орын иегері: Қуанышбайұлы Дәулет (Қызылорда қ. «Мүсірәлі Ата» мешіті)

ІІІ орын иегері: Нұрғалиев Абдулазиз (Қызылорда қ. «Нұр» мешіті)

Жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйақымен (І орын – 70000 тг, ІІ орын – 50000 тг, ІІІ орын – 30000 тг) марапатталды.

Сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жарысқа келушілерге ас беріліп, өкіл имам аудан халқына өз батасын берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат