Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өнеге: ЖАС ЖҰБАЙЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің баспасөз қызметі 13.03.2018 794 0 пікір

Бүгін Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, ел- жұртқа игі істің өнегесін көрсетті.

Алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы: «Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде", - деді.

Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді.

Жас жұбайлар "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді. Жиғанын желге емес, сауапқа жұмсаған жастарға бақыт тілестік. Алла қабыл етсін!



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат