Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семей қалалық қарттар үйіндегі мерекелік шара

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 12.03.2018 512 0 пікір

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша Жастар бөлімі және  Әйел-қыздар секторы Семей қалалық қарттар үйінде «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» атты мерекелік шара өткізді. Шараның мақсаты қарияларды қуантып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сонымен қатар жас шәкірттерді қарттарға құрмет, ізет көрсетуге баулу.

Іс-шара Тас мешітінің наиб имамы Айдын Жүнісбекұлы алғы сөзімен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Шара соңында Орталық мешіт атынан мекемеге арнап алынған сыйлықтар ұсынылып, мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері қарттарға ізгі тілектерін білдірді. Екі дүние сардары, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде:

«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес..»,- деген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат