Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ЕЛБАСЫ ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

kazislam.kz 12.03.2018 497 0 пікір

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президенті Джоко Видодоны VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу үшін Қазақстанға шақырды. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы шақыруын Индонезия президентіне Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізеді. Тоқаев Индонезияға 12-14 наурыз аралығында жұмыс сапарымен барады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында ел президенті Джоко Видодомен кездеседі. Сенат төрағасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен индонезиялық президентті Қазақстанға ресми сапармен келуге және VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырады» делінген хабарламада.

Тоқаев Индонезияның халық конгресінің басшылығымен парламентаралық байланысты нығайту мәселелерін талқылайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат