Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Аналар қуанышқа бөленген күн

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі 12.03.2018 592 0 пікір

ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетіліп, мерекелік сыйлықтар табысталды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді. Отбасы - қоғамның негізі болса, ана - отбасының ұйытқысы. «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері бұл жолы алтын алқа иелері, жеті баланың анасы Гиясова Құндызай, Қойлыбаева Айгүл, Курганбаева Сәнден және тағы басқа көп балалы аналарға тосын сый жасап, қуанышқа кенелтті.

Шараның басында сөз сөйлеген «Жібек» клубының жетекшісі Нұрғалиева Динара биылғы жылды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Қажы Ораздың «Ислам және отбасы» деп бекіткенін атап өтті. Сонымен қоса, ресми демалыс күні алтын уақыттарын бөліп, игі істің басы-қасында жүрген клуб мүшелеріне де алғысын  айтты. Ал, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған аналар күтпеген жерден  мереке сыйлаған ұжымға ризашылықтарын білдірді.

Аталмыш шара алғыс күні қарсаңында «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкеден түскен қаржымен жүзеге асырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат