Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырауға мүфтияттың бөлім жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы келді (ФОТО)

islam-atyrau.kz 12.03.2018 676 0 пікір

Атырауға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы іс сапармен келді. Жұмыс сапары барысында аталған мейман орталық «Иманғали» мешітінде жамағатпен бірге намаз оқып, жастармен кездесті.

Кездесу барысында мүфтияттың бөлім жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз айтты. «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген» деген спикер одан әрі еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың «Өзгеруді өзіңнен баста» деп аталатын бастамасының мәнін түсіндірді. «Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында:

«Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді» деп баяндаған.

Дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды» деген Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сөзін келтірген спикер Алтынбек Ұтысханұлы рухани жаңғыру бастамасының мәні туралы да кеңінен айтып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат