Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ФОРУМ – БАРШАМЫЗДЫ БІРІКТІРЕТІН ӨМІРШЕҢ БАСТАМА – ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 06.03.2018 1565 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз елімізге ресми сапармен келген Қырғызстанның Бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушевпен кездесті.

Алатаудың арғы бетінен келген мәртебелі мейман Еуразия мұсылман ғұламаларының форумына шақырған Қазақстанның Бас мүфтиіне алғысы мен жылы лебізін білдірді.

«Қазақ-қырғыз – бір туған»,- деген жақсы сөз бар. Біздің діни саладағы ұстанымыз бен бағытымыз бір. Сондықтан, бірігіп атқаратын мәселелеріміз де ортақ. Сіз Еуропа мен Азия мемлекеттері мүфтилерінің басын қосып халықаралық деңгейде үлкен форум ұйымдастырып, игі қадам жасадыңыз. Бұл баршамызды ұдайы біріктіріп отыратын өміршең шараға айналады деген сенімдемін. Жуырда ғана Бас мүфти болып, осындай ауқымда жобаға себепкер болғаныңыз үшін ең жақын досыңыз әрі бауырыңыз ретінде өте қуаныштымын. Сіз Бішкек қаласына ресми сапармен келсеңіз қырғыз бауырларыңыз қуанышқа бөленер еді. Біздің бір-бірімізді зиярат етуіміз арамыздағы бауырмалдық байланысты нығайта түседі. Тағы да Сізге шынайы ықыласыммен рақмет айтамын», – деді Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Тоқтомушев.

Өз кезегінде Серікбай Сатыбалдыұлы қырғызстандық әріптесінің ақ тілегі мен құрметіне ілтипатын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар біртұтас мұсылман үмбетін қалыптастыруды көздейтін халықаралық игі жобалар мен бастамаларды талқылады.

Бас мүфти қадірлі қонақтың иығына шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат