Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ОҚО: Зекет қорының семинары ұйымдастырылды (ФОТО)

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 14.02.2018 353 0 пікір

 

Жуырда ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың төрағалығымен өңірдегі «Зекет» қоры өкілдерінің қаржылық біліктіліктерін арттыруға арналған семинар өтті.

Семинар жұмысына «Ықылас» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Маджанов пен қала, аудан өкілдері т.б. азаматтар қатысты. Семинарда ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев алдымен облыстық «Зекет» қорының өкілі Ғалымжан қажы Назаровтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын тыңдады.

Өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы қала, аудандық «Зекет» жұмыстарына жауапты мамандарға алдағы уақытта атқаратын мәселелерге байланысты айрықша тоқталып өтті.

Соның ішінде, қайырымдылық шараларды ұйымдастыру, қаржылық біліктілікті арттыру, ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын қолға алу, арнайы кітапшалар мен парақшалар шығару, банктік есеп шоттарға тұрақты қаржы аудару, кәсіпкерлерге арналған семинарлар мен кездесулер сынды іс шараларды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мұнымен қатар, семинар барысында өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев облыстық Зекет қорының өкілдігіне жұмыстарды жан-жақты дамыту үшін қосымша облыс имам орынбасары Б.Қымбатов пен Қ.Маджановты әлеуметтік қайырымдылық көмек істері жөнінде көмекшісі етіп бекітті.

Сондай-ақ, өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы жыл бойы үздік жұмыс атқарған жауапты мамандарға алғысын білдірді. 

 

          

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат