Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мешіт ұстаздары үш пәннен емтихан алды

Облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі 13.02.2018 569 0 пікір

Өткен сенбі күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің сауат ашу курсы шәкірттері үш пәннен емтихан тапсырды.

Тоғыз айлық курстың алғашқы жартыжылдық бағдарламасын меңгерген олар «Иман шарты», «Пайғамбар (ﷺ) өмірбаяны» пәндерінен тест сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде, ақида ілімінің қалыптасуы, ақиданың анықтамасы, иман түрлері, Пайғамбарымыздың (ﷺ) кіндік анасы, сүт анасын атау, пайғамбарлыққа дейінгі және кейін болған оқиғаларға қатысты сұрақтар қамтылды. Ал «Ислам негіздері» пәні бойынша «Фиқх ғылымы және оның бөлінуі», «Ханафи мәзхабының фикх бойынша ең атақты 10 кітабын атау», «Дәреттің парыздары мен сүннеттері», «Дәретті бұзатын жағдайлар» секілді барлығы 20 сұраққа жазбаша жауап беріліп, курсқа қатысушылардың білімдері таразыланды. Сынаққа барлығы 1 сағат уақыт беріліп, оған 40 шәкірт қатысты.

Қазіргі таңда "Нұр Ғасыр" мешітінің ерлерге арналған сауат ашу курсында мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары, барлығы 5 діни қызметкер сабақ жүргізуде. Курста шамамен 250-ге жуық шәкірт бар. 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат