Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Білім беруді тиімді дамыту - ұстаз міндеті  

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі   12.02.2018 551 0 пікір

 

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде "Әйел-қыздар" секторының Павлодар облысы бойынша сектор жауаптысы Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен «Білім беруді тиімді дамыту-ұстаз міндеті» тақырыбында өткен басқосуға қала және аудан мешіттерінің әйел ұстаздар қатысты.

«Мәшһүр-Жүсіп» орталық мешітінің ұстаздары Тұрғанбай Ақерке, Кажуева Жұлдыз, қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Негманова Сабина және «Екібастұз» қалалық мешітінің ұстазы Шадиева Зауре діни сауат ашу курстарының ұстаздары  2017 жылы бірлесіп атқарылған іс-шараларының есебін сараптап, ҚМДБның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің «Әйел-қыздар» секторының 2018 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

Басқосуда сектор басшысы Қарлығаш Қажымәлікқызы жақсы ұстаз туа болмайды, жүре болады дегендей ұстаздың үздіксіз өмір бойы білім алатын, жан-жақты үнемі ізденуші тұлға екенін және ұстаздық қызметте шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігін айтып өтті.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат 2017жылы атқарған жұмыстарына тоқталып, асыл дінімізді насиxаттауда әдептілікті сактауды, дұрыс сөйлеу, мұсылманға сай іс әрекет көрсету, жамағатпен, шәкіртпен жақсы мәміледе болуды, дініміз, еліміз үшін аянбай қызмет қылуды айта келе өкіл имам Нариман Ермекұлының атынан ұстаздарға Алғыс хат табыстап, алдағы атқарылатын жұмыстарына табандылық пен сәттілік тіледі.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат