Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Халал немесе харам тағамдар туралы не білеміз

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 12.02.2018 781 0 пікір

«Ас - адамның арқауы» деген сөз атам қазақта жақсы айтылған. Осы тақырыпқа байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы мешіттегі инабатты шәкірттеріне арнап «Халал және харам тағамдар» тақырыбында ауқымды сабақ өткізді.

Сабақ барысында шәкірттердің күнделікті өмірде пайдасын тигізетін мәселелер айтылды. Мәселен, күнделікті тұтынып жүрген тағам құрамы, оныңденсаулығымызға пайдасы мен зиянды жақтары сөз болды.

Сонымен қатар, қасиетті Құранда қандай тағамдарды пайдалану және тұтынбау қажеттігі жөнінде Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүнеттерінде келтірілген мәселелер жайында сөз өрбіді. Қазіргі таңдағы өзекті болып отырған тақырып аясында бейне ролик көрсетіліп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Сабаққа қатысушылар өздеріне керекті көптеген мағлұматтар алып, дүниетанымдарын кеңейтіп тарқасты. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат