Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақсақалдар Бас имамға батасын берді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.02.2018 1079 0 пікір

Алматы қаласы мешіттерінен бір топ ақсақал жиналып келіп, жаңа тағайындалған Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек  қари Шоқайға ақ батасын берді. Қариялар жаңа өкілге қызметін абыроймен атқарып, халықтың діни сауаттылығын арттыруға ат салысуын тіледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта мешіт имамдарына қолдарынан келгенше жәрдемші болатындығын, халықтың арасында қариялардың маңыздылығын ескере отыра діни тұрақтылықты сақтауда, жат ағымның жетегінде кеткендердің бетін бері қарату жолында да өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Өкіл имам да өз кезегінде қарияларға алғысын білдіріп, жиі бас қосып отыруды ұсынды.

Қариялар - қоғам қазынасы. Өйткені, береке үлкендермен бірге болатындығы баршамызға мәлім. «Жақсы қартая білу де -өнеге» деген халқымыздың дана сөзі бекер айтылмаған болса керек, сірә. Өнеге болудың бір жолы да ақсақалдардың мешіт жамағатының көркі болып, халықты, жастарды дұрыс жолға бағыттап отыруы десек, қате айтпаған болармыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат