Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 11.01.2018 631 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен жамағаттардың ауызбіршілігін арттыру, мешіт жамағатымен тығыз байланыста болу мақсатында түрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жүйелі ұйымдастырылып келеді.

Соның бірі – қала мешіттері жамағатының арасында волейболдан өткен жарыс. Жарысқа барлық қала мешіттерінің жамағаты белсене қатысты.

Жарыс нәтижесінде І орынды Шанхай мөлтек ауданындағы «Ыбрайым молда» мешіті, ІІ орынды «Мүсірәлі ата» мешіті, ІІІ орынды Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінің жамағаты иеленді.

Бұл ойын Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруға арналды.

         

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат