Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.12.2017 994 0 пікір

Ақтау қаласы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театырында Адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесіне орай  «Адамзаттың асылы» атты рухани іс-шарасы ұйымдастырылды.       

Рухани кешке ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбеков, Облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов және мешіт имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Арнайы сөз алған өкіл имам ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтау сөзін қонақтарға жеткізе отырып,  мәуліт мерекесінің мән-маңызына ерекше тоқталды. Сонымен қатар Облыс әкімінің орынбасары өзінің жүрек жарды құттықтау сөзін жеткізді.

Рухани кешке арнайы келген «Өнер қырандары» театыры әртістері Мәуліт айының құрметіне жаңа бағдарлама ұсынып, «Ата мен немере», «Адасу», «Асыл адам» секілді қойылымдарды сахналады. Кешті өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру болатын.

Жалпы, қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарадан рухани азық алып, ризашылықтарын білдіріп тарасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат