Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Тұрмысы төмен отбасыларға көмір берілді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі 06.12.2017 144 0 пікір

Қайырымдылық бағытындағы шараларды әртүрлі форматта жасау мақсатында Өскемен аймағы өкілдігі бірқатар науқандар жасады.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен Өскемен қаласында тұратын тұрмысы төмен 6 отбасыға қыстық көмір, ағаш түсіріліп берілді.

«Біз әлеуметтік аз қамтылған топтардың аймақ бойынша картасын жасап, оларға жәрдем көрсетіп отырмыз. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Қыс мезгілінде отын аса маңызды болғандықтан, осы қайырымдылық шарасын жасадық» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Үмбет Досжан.

Көмекке ие болған отбасылар облыстық мешітке алғыстарын білдірді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат