Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жетім көрсең, жебей жүр

www.muftyat.kz 06.12.2017 163 0 пікір

 «Жетім көрсең, жебей жүр» деген аталы сөзді ту еткен жанашыр, қамқор жандар қашанда баршылық. Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты «Вайнах» мешіті «Кәусар» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматы қаласының Республика сарайында аталып өткен мәуліт кешінде қонақ етті.

Мәуліт кешінен жандарына азық жиып, салауаты мен сәлемін жолдаған бүлдіршіндерді «Фирдаус» халал асханада жайылған берекелі дастархан күтіп тұрды.

Тамақтанып, тәттілерге қарық болған бүлдіршіндерге әз пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі бослын) ғибратқа толы өмірінен сұрақтар қойылып, сыйлықтар табыс етілді.

Қайырымдылық шарасы мұнымен шектеліп қоймай, «Кәусар» балалар үйінің бүлдіршіндеріне ойыншықтар, спорттық киімдер таратылып, демеушілер тарапынан әр балаға гигиеналық құралдар тарту етілді.

Қаяу түскен көңілдерін көтеріп, жабырқаған жандарына демеу болуға ат салысқан барша ағайынға Алла разы болсын!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат