Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Әлемдегі алғашқы спорт хижабы жаппай сатылымға түсті 

www.muftyat.kz 04.12.2017 179 0 пікір

Арнайы спортпен айналысуға арналған әлемдегі алғашқы мұсылман қыз-келіншектердің  бас киімі жаппай дүкен сөрелеріне түсті.  Pro Hijab атауына ие болған бұл бұйымды спорт киімдерін өндіруші және дайындаушы әлемдік  спорт саласындағы алыптардың бірі — Nike корпарациясы шығарған. Бұл компания өзін спорт хижабтарын өндірушілердің алғашқысы ретінде көрсетуде.

Аталмыш үлгіні жасау үшін жарты жыл уақыт кеткені белгілі болған. Хижабтың материалы ретінде ауа айналысы жүріп тұратын  күңгірт торлы мата таңдалып алынған.  Сондай-ақ, өндірушілердің айтуына қарағанда, бұл бұйым қыз-келіншектердің қай спорт түрімен айналысуына да кедергі келтірмейді. Хижаб үш түрде шығарылған: қара, сұр және обсидиан түстерінде.

HypeBae баспасының мәлімдеуінше, спорт хижабының алғашқы үлгісі үстіміздегі жылдың наурыз айында көрсетілген екен. 

Аталмыш өнімді жарнамалау үшін компания маркетологтары ислам дінін ұстанатын бірнеше танымал спортшыларды тартқан: БАӘ-нің мәнерлеп сырғанаушысы Эграти Захра Лариді, оның жерлесі ауыр атлетикамен айналысушы Амна әл-Хаддадты, Германияда тұрып, жаттығатын боксшы Зеин Нассарды, деп хабарлады Еg.ru.

Бұйым мұсылман қыз-келіншектерінің арасында күшті әсер тудырған:  Time журналы шолушыларының пікірі бойынша, аталмыш өнім 2017 жылы өндірілген ең үздік  өнертабыс тізіміне енгізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат