Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сирияда құтқарылған Қазақстан азаматтары елге жеткізіледі – СІМ

Дәурен ЕРБОЛАТ baq.kz 14.11.2017 99 0 пікір

Үкімет отырысының кулуарында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Сирияның соғыс болып жатқан аймағынан Ресейге жеткізілген Қазақстан азаматтары туралы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Кеше Сириядағы соғыс болып жатқан аймақтардан бір топ адам Шешен Республикасының астанасы Грозный қаласына жеткізілді. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Ол – 1988 жылы туған, Орал қаласының тұрғыны және оның 4 баласы. Баланың ең үлкені 2012 жылы, ал ең кенжесі биыл дүниеге келген. Оларды Грозный қаласында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Олар жақын арада Қазақстанға жеткізіледі», - деді ол.

Осы орайда Әнуар Жайнақов Ресей мен Шешен мемлекетінің органдарына алғысын білдірді.

«Біз отандастырымызды Сириядан эвакуациялаған Ресейлік тарапқа және Шешен Республикасының басшылығына шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Алайда ол Қазақстан азаматтарының Сирияға қандай мақсатпен барғанын айтқан жоқ.

«Қосымша ақпарат менде жоқ. Бірақ кейін тиісті ақпаратты сіздерге береміз», - деді Әнуар Жайнақов.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат