Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ЖЕРЛЕС СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

14.11.2017 111 0 пікір

Бүгінде Алматыдағы «Нұр-мүбәрәк» ислам университетінде Ақмола облысынан білім алып жатқан жастардың қатары көбейіп келеді. ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілдігі жерлес студенттерге қамқорлық жасауға баса назар аударады.

Жақында Красный яр кенті мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы облыстың аудан және қала имамдарының жолдауымен аталған жоғары оқу орнында болып, ақмолалық жастармен кездесіп, олардың оқу және тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Облыс имамы Қуаныш Сәбит алдағы уақытта мұндай кездесулерді жүйелі ұйымдастыратынын айтты. Осының бәрі жастарымыз сапалы білім, саналы тәрбие алсын деген ниет болса керек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат